Алматыда боулингтен жарыс өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда боулингтен жарыс өтті

Алматыда боулингтен жарыс өтті

Бүгін Алматыда боулингтен жарыс өтті.

  • 2 Наурыз 2011
  • 462
Фото - Caravan.kz

Оны Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы халықты спортпен шұғылдануға тарту бойынша тапсырмасын және «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі ұйымдастырды. Жарысқа Әуезов ауданының 10-нан аса мекемелерінде — аудан әкімдігінде, Әуезов аудандық прокуратурасында, сотта, салық, ішкі істер, әділет және санитарлық-эпидемиологиялық басқармаларында қызмет атқаратын әйел азаматтардан құралған командалар қатысты.

«Сайыстың негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын, спортқа деген қызығушылықты әйелдер арасында қалыптастырып, дамыту және жетілдіру болып табылады»,-деді шараның ұйымдастырушылары.

Жеңімпаз командаларға Әуезов ауданы әкімінің мақтау қағаздары мен сыйлықтары табысталды.