Алматыда бүлдіршінге арсыз қылық танытқан педофил 15 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бүлдіршінге арсыз қылық танытқан педофил 15 жылға сотталды

Алматыда бүлдіршінге арсыз қылық танытқан педофил 15 жылға сотталды

Педофилге қатаң жаза кесілді. Алматыда қаршадай қызға арсыз қылық танытқан 52 жастағы Владимир Осинскийге қатысты бүгін сот үкімі шықты.

  • 16 Қыркүйек 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz

Естеріңізде болса, биылғы мамыр айында ғаламторда үйіне кіріп келе жатқан  10 жасар қызды ер адамның жыныстық қатынасқа итермелеп жатқанын көрсететін видео тарап кеткен болатын. Артынша, бұл істі құқық қорғау органдары қолға алып, тергеу жүргізілді. Ерсі қылық танытқан азамат өз ісін мойындамай, аздап басы істемей қалатынын айтқанымен, медициналық сараптама қорытындысы оның бұл сөзін растаған жоқ. Сөйтіп, Алматы қаласының ауданаралық соты оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Осинский жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтеуі тиіс. 

Соңғы жаңалықтар