Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысы өтеді

Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысы өтеді

26-27-қаңтарда Алматыда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы төртінші отырысы өтеді. Кездесуге қатысушылар алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нен хабарлады.

  • 24 Қаңтар 2005
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің контртеррорлық комитетінің арнаулы отырысын өткізу туралы бастама 2004-жылдың қыркүйек айында Астанада өткен ТМД саммитінде көтерілген.

Контртеррорлық комитеттің отырысына 70-тен астам халықаралық, аймақтық және субрегионалдық ұйымдардың, сондай-ақ, БҰҰ-ына қатысушы елдердің өкілдері қатысады. Онда халықаралық лаңкестікке қарсы күреске қатысты тұжырымдамалық және тәжірибелік мәселелер саяси жоғарғы деңгейде талқыланады деп күтілуде.
Контртеррорлық комитет 2001-жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк және Вашингтон қалаларында болған лаңкестік әрекеттерден кейін Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясына сәйкес құрылған. Контртеррорлық комитеттің басты мақсаттарының бірі БҰҰ-ына мүше елдердің антитеррорлық әлеуетін арттыруға ықпал жасау және бұл елдердің лаңкестікпен күрес жөніндегі халықаралық 12 келісімге бірігуіне әсер ету болып табылады.

Перейти к новостям спорта