Алматыда БҰҰ-ның Даму бағдарламасына сәйкес тұңғыш рет күн қуатын пайдаланып жылу шығаратын қондырғы іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда БҰҰ-ның Даму бағдарламасына сәйкес тұңғыш рет күн қуатын пайдаланып жылу шығаратын қондырғы іске қосылды

Алматыда БҰҰ-ның Даму бағдарламасына сәйкес тұңғыш рет күн қуатын пайдаланып жылу шығаратын қондырғы іске қосылды

Бүгін, 15-шілдеде Алматыдағы бу қазандықтарының бірінде Қазақстан үкіметі мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасының бірлескен жобасы аясында тұңғыш рет күн қуатын пайдаланып жылу шығаратын қондырғы іске қосылды.

  • 15 Шiлде 2003
  • 582
Фото - Caravan.kz

Бұл жоба жылу және жылы сумен қамтамасыз етуде күн қуатын қазіргіден де тиімді пайдалану мүмкіндіктерін арттыру мақсатымен жүзеге асырылып отыр.

Жобаның басшысы Геннадий Дорошиннің айтуынша, қондырғы тек жазғы маусымда ғана жұмыс істейді.
Жалпы ауданы 260 шаршы шақырымдық арнаулы панельдерде суды қыздыратын күн қуаты бу қазандығында жағылатын отынның біраз бөлігін алмастырады.
Соның нәтижесінде ауаға тасталатын улы қалдықтар мөлшерін азайтып қана қоймай, бұл қондырғы жылумен қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, бағасы 24 мың долларды құрайтын қондырғының өзіндік құны небәрі 1,5 жылдың ішінде өтеледі екен.
Жобаның нәтижесіне көз жеткізілген жағдайда мұндай технология республика бойынша кең көлемде қолданыла бастайды.
Күн қуатының потенциалы жоғары Қазақстанда мұндай қондырғыларды пайдалану негізді болса керек.
Ал Орталық Азия елдерінің арасынан қазіргі жағдаймен осындай қондырғылар Өзбекстанда жұмыс істейді. Онда тіпті арнаулы күн панельдерін жасау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар