Алматыда "Церковь саентология" діни бірлестігінің бірқатар басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Церковь саентология" діни бірлестігінің бірқатар басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматыда "Церковь саентология" діни бірлестігінің бірқатар басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК Алматы қаласы боиынша департаменті Алматы қаласында орналасқан "Церковь саентология" діни бірлестігінің бірқатар басшыларына аса ірі көлемде заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандары үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Қазан 2008
  • 659
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл қылмыс үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 190 шы бабымен қарастырылған. Егер осы бап бойынша қылмыс дәлелденген жағдайда күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Тергеу барысында алынған мәліметтерге қарағанда жоғарыда аталған діни ұйым мүшелері жүйелі түрде ешбір лицензиясыз білім беру және медициналық қызмет көрсету істерімен айналысқан және бұдан қомақты пайда тапқан, бірақ мемлекетке ешқандай салық төленбеген.

Осы жылдың 8 қазанында Алматы қаласы прокурорының санкциясымен саентологтарға тиеселі мекен жайларға тінту жұмыстары жүргізілді. Бұл жерлерден сеантологтармен байланысы бар адамдарға қатысты жеке және конфиденциалды сипаттағы көптеген ақпараттар сақталған мұражай, сондай ақ елімізге заңсыз әкелінген және сертификатталмаған шетелдік дәрі дәрмектер табылып тәркіленді. Дәрі-дәрмектер ешқандай тиісті құжаттарсыз сатылғаны да белгілі болды. Мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша олар адам өміріне едәуір нұқсан келтіруі мүмкін.

Аталмыш діни бірлестіктің қаржылық құжаттары мемлекетке қаншалықты шығын келтірілгенін анықтау үшін экономикалық сараптамаға жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар