Алматыда дәмхана өртеніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дәмхана өртеніп жатыр

Алматыда дәмхана өртеніп жатыр

Нысан электр қуатынан ажыратылды.

  • 3 Маусым 2020
  • 18
Фото - Caravan.kz

Алматыда Алмалы ауданы Назарбаев көшесі 43/1 мекенжайындағы дәмханадан өрт шықты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

ТЖД өрт сөндіру бөліміне шұғыл хабарлама 11:00-де түсті. Өрт сөндірушілер келген сәтте 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған қосқабатты ғимараттың жертөлесінде орналасқан дәмханадан түтін шығып жатқан. «Адамдардың бар-жоғына барлау жүргізілді. Кафе тағам жеткізу түрінде жұмыс істейді. Оқиға орнында 20 өрт сөндіруші, 5 техника және газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 құрамы жұмылдырылды. Нысан электр қуатынан ажыратылды. Өрт ошағы анықталды, таралу қаупі жоқ»,- деді ТЖД баспасөз қызметінен.



 

Соңғы жаңалықтар