Алматыда дәмхана өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дәмхана өртке оранды

Алматыда дәмхана өртке оранды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 1:15-те өрт туралы хабар келіп түскен

  • 14 Қыркүйек 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

14 қыркүйекке қараған түні Алматыда кафе өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 1:15-те өрт туралы хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер келгенде Түрксіб ауданы Сүйінбай даңғылы, 567 мекенжайында орналасқан бірқабатты «Кахури» кафесінің өртеніп жатқанын анықтайды. Бұл уақытта қызыл жалын көршілес тұрғын үйдің шатырына жайылып үлгерген.

«Кафенің іші ағаштан жасалғандықтан, өрттің тез таралуына себеп болған. Жақын орналасқан үйлерге өрттің таралуына жол бермеу үшін тез арада оңтүстік және солтүстік жағынан екі әскери бөлімше құрылды. Өрт оқпандары жіберіліп, 60м.,200 м. қашықтықта өрт гидранттарына автоцистерналар орнатылды», — делінген Алматы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Кафенің ішінен жарылу қаупін тудырған газ баллоны (50л) шығарылды. 


465 шаршы метрді қамтыған қызыл жалын 24 минуттың ішінде сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт шыққан кезде кафе жабық болған.

 

Соңғы жаңалықтар