ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматының Медеу ауданы Пушкин көшесіндегі «Береке» дәмханасында 23 қыркүйекте сағат 10.07-де 150 шаршы метр аумақта өрт шықты. Соның салдарынан дәмхана әкімшісі 2-ші дәрежелі күйікке шалдықты. Ол ауруханаға жатудан бас тартты.
Өрт сағат 12.29-да ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 23 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті