Алматыда дәрігерлер мен прокурорлар жаңа сайтты іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дәрігерлер мен прокурорлар жаңа сайтты іске қосты

Алматыда дәрігерлер мен прокурорлар жаңа сайтты іске қосты

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы қалалық прокуратурамен бірлесіп, www.almatymed.kz бірыңғай сайтын әзірледі, деп хабарлайды Қаз

  • 11 Сәуiр 2017
  • 274
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы қалалық прокуратурамен бірлесіп, www.almatymed.kz бірыңғай сайтын әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған басқармаға сілтеме жасай отырып.

«Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі, медициналық көмек көрсету түрлері, көлемі және нысандары, заңды құқықтары туралы халыққа өзекті және пайдалы ақпаратты жеткізу мақсатында, сондай-ақ кері байланыс үшін қалалық прокуратурамен бірлесіп www.almatymed.kz бірыңғай сайтын әзірледі»,- делінген хабарламада.

Бұл сайт қолданушыға «Google Maps» картасы арқылы нақты орналасқан жерін және заңды мекен жайын көрсете отырып, қажетті медициналық ұйымды іздеуге көмек береді. Сондай-ақ, медиицналық ұйымның жұмыс тәртібі, бірінші басшысы туралы және емдеу мекемесі көрсететін медициналық көмектің түрлері туралы ақпаратты табуға, кез-келген меншік нысанындағы ұйымдарда қажетті маманды табуға жәрдемдеседі.


Сонымен қатар, бірыңғай Call-орталығымен, чат арқылы (Jivo-сайт) оператормен байланысуға жағдай жасалған.

 

Соңғы жаңалықтар