Кеңеске дәрігерлік мекемелер, жеке меншік емдеу орталықтары мен медицина қызметкерлері қауымдастығының өкілдері, кеңесші-сарапшылар қатысады. Кеңесте дәрігерлердің кәсіби құқығын қорғау, мемлекеттік және мемлекеттік емес емдеу-сауықтыру мекемелерінің өзара ықпалдастығы, грант, несие және қайтарымсыз қайырымдылық көмектер алудың қосымша мүмкіндіктерін іздестіру жолдары туралы талқыланады.
Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының қауымдастығы қыркүйек айында Бүкіләлемдік медициналық қауымдастыққа мүшелікке өткен. Кеңесте қауымдастық мүшелері ұйымға мүшеллікке өту арқылы көздеген мақсаттары туралы, соның нәтижесінде қазақстандық дәрігерлер үшін пайда болған тың мүмкіндіктер туралы ақпараттарды ортаға салады.