Алматыда дарынды балалардың «Жас қалам» поэзиялық шығармашылық студиясы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дарынды балалардың «Жас қалам» поэзиялық шығармашылық студиясы өтуде

Алматыда дарынды балалардың «Жас қалам» поэзиялық шығармашылық студиясы өтуде

Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми, тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталғында дарынды балалардың «Жас қалам» поэзиялық шығармашылық студиясы өтіп жатыр.

  • 21 Сәуiр 2012
  • 620
Фото - Caravan.kz

Оған Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі тұрмысы төмен отбасынан шыққан 10-15 жастағы ақындық шығармашылық қабілетті, дарынды балалар мен жасөспірімдер қатысуда.

16 сәуірде басталған бұл шара ертең аяқталады. Ол жас таланттарды әлеуметтік қолдау үшін ұйымдастырылуда. Мақсат — олардың азаматтық, адамгершілік құндылық тұрғысынан өзінің дара адами тұлғасын сезіне отырып, өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі жетілдіруіне жағдай туғызу. Сондай-ақ әдеби шығармашылыққа белсенді қатыстыра отырып, тұлғаның үйлесімді қалыптасуына ықпал ету және балалардың шығармашылығын дамыту мәселелеріне жалпы жұртшылықтың назарын аудару мақсатын көздеп отыр.

Перейти к новостям спорта