Алматыда дәстүрлі Сейдахмет Бердіқұлов турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дәстүрлі Сейдахмет Бердіқұлов турнирі өтеді

Алматыда дәстүрлі Сейдахмет Бердіқұлов турнирі өтеді

Алматыда 8-9 мамыр күні Республикалық спорт колледжінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұлов турнирі өтеді.

  • 4 Мамыр 2013
  • 481
Фото - Caravan.kz

2008 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл шараға 21 мен 60 жас аралығындағы электрондық және баспа басылымдарының журналистері мен қызметкерлері қатыса алады. Өтініштер 7 мамыр күнгі кешкі 18:00-ге дейін қабылданады. Былтыр бұл жарысқа 13 команда қатысып, «Қазақ газеттері» ЖШС жеңімпаз атанған болатын. Ал «Алматы» телеарнасының операторы Талғат Көжебаев жарыстың «үздік ойыншысы», «Хабар» агенттігінің спорт жүргізушісі Қанат Базылхан «үздік қақпашысы», «СТВ» арнасының редакторы Ақын Ордабай «үздік шабуылшы», «Қазақ газеттерінен» Саттар Ерназаров «үздік қорғаушы» деп танылған еді.

1994 жылы 61 жасында дүниеден озған әйгілі спорт журналисі, публицист С. Бердіқұловтың есімін ұлықтау мақсатында Спорт комитеті 1994 жылдан бері жыл сайын Қазақстанның үздік спорт журналистеріне оның атындағы арнайы сыйлық тағайындап келе жатыр. Сондай-ақ бұрынғы Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен 2011 жылы БАҚ өкілдері арасында спорттың 5 түрінен Сейдахмет Бердіқұлов атындағы І спартакиада өткізілді. 4 жылда бір рет өткізілетін бұл дода енді 2015 жылы болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера