Алматыда денсаулық сақтау ісінің үздіктері марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда денсаулық сақтау ісінің үздіктері марапатталды

Алматыда денсаулық сақтау ісінің үздіктері марапатталды

Бүгін Алматыда денсаулық сақтау ісінің үздіктері қала әкімдігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің марапатына ие болды.

  • 1 Қараша 2012
  • 436
Фото - Caravan.kz

Марапаттау рәсімі денсаулық сақтау басқармасының 85 жылдығына арналған «Медицинаның өзекті мәселелері» деп аталатын мерейтойлық халықаралық конгрестің ашылуы барысында өтті.

Онда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілері мен министрліктің алғыс хаттарын табыс етті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов дәрігерлерді әкімнің құрмет грамоталарымен, ал шетелдік серіктес дәрігерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Серік Сейдумановтың айтуынша, 1927 жылдың 1 қазанында Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы құрылған кезде оның құрамында меңгеруші мен хатшы ғана қызмет атқарған. Қазіргі таңда 82 қалалық, 40-тан астам республикалық, 950 жекеменшік медициналық мекеме бар. Ал қалалық мекемелердің өзінде 5 мыңға жуық дәрігер мен 9 мыңнан астам орта медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар