Алматыда "Денсаулық сақтау - KIHE -2005" халықаралық көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Денсаулық сақтау - KIHE -2005" халықаралық көрмесі өтеді

Алматыда "Денсаулық сақтау - KIHE -2005" халықаралық көрмесі өтеді

Бүгін, 18-мамырда Алматыда "Денсаулық сақтау - KIHE -2005" халықаралық 12-ші көрмесі ашылады. Бұл туралы Iteca компаниясы таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Мамыр 2005
  • 442
Фото - Caravan.kz

KIHE -2005 көрмесінде медицина және медициналық өндіріс салалары бойынша отандық және шетелдік компаниялардың медициналық өнімдері назарға ұсынылады. Оған Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Германия, Франция, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Польша, Ресей, Түркия, Украина, Финляндия және Швейцария елдерінен 100-ден астам компания қатысады. KIHE -2005 көрмесіне қойлыған экспонаттардың 31 проценті алыс шетелдік компаниялардың, 37 проценті ТМД елдері компанияларының, 32 проценті Қазақстандық компаниялардың өнімдері.

Көрме аясында дәрілік заттар, медициналық техника және құрал-жабдықтар, стоматология, дәрігерлік мақсаттағы бұйымдар сынды бөлімдер жұмыс істейді. Шара аясында «Таңдаулы дәріхана» атағы үшін дәстүрлі байқау өткізіледі.
KIHE -2005 көрмесіне қойылған экспозициялар саны 2004-жылғымен салыстырғанда 20 процентке артты. Ұйымдастырушылар көрмеге 8 мыңнан астам медицина мамандары қатысады деп күтуде.
Көрмеге ҚР денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті, фармацевтикалық фирмалардың Қазақстандағы өкілдіктері қауымдастығы ресми қолдау көрсетіп отыр.

Перейти к новостям спорта