Алматыда диабетке шалдыққандар арасында Қазақстандық 3-ашық спартакиада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда диабетке шалдыққандар арасында Қазақстандық 3-ашық спартакиада өтеді

Алматыда диабетке шалдыққандар арасында Қазақстандық 3-ашық спартакиада өтеді

Шілденің 24-26-жұлдызында Алматыда диабетке шалдыққандар арасында Қазақстандық 3-ашық спартакиада өтеді. Сайыстар ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық Армия спорт клубының алаңдарында өтеді,- деп хабарлайды ҚР диабеттік Қауымдастығынан.

  • 24 Шiлде 2003
  • 491
Фото - Caravan.kz

Спартакиаданы өткізуге ҚР диабеттік Қауымдастығымен қатар ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық Армия спорт клубы мұрындық болып, ҚР парламентінің мәжілісі, ҚР денсаулық сақтау министрлігі, Алматы әкімшілігі, ҚР туризм және спорт Агенттігі мен «Ново Нордиск» және «Авентис» компанияларының қолдауымен жүзеге аспақшы.

Сайыстарға еліміздің барлық облыстары мен Өзбекстаннан келген диабетке шалдыққан адамдардан құралған командалар қатысады.
Сөйтіп Қазақстан диабетке шалдыққандар арасында осындай 2 спартакиада өткізген ТМД аясындағы ең бірінші елге саналды. Өткен спартакиадалардың жеңімпаздары Ванкувер (Канада) және Давоста (Швейцария) өткен халықаралық спорттық бәсекелерде Қазақстанның намысын ойдағыдай қорғап қайтты.

Соңғы жаңалықтар