Алматыда "Диабетпен бірлесіп күресейік! Басты бағдар- қант диабетінің және оны асқындырудың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Диабетпен бірлесіп күресейік! Басты бағдар- қант диабетінің және оны асқындырудың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Алматыда "Диабетпен бірлесіп күресейік! Басты бағдар- қант диабетінің және оны асқындырудың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Бүгін, 4-маусымда Алматыда "Диабетпен бірлесіп күресейік! Басты бағдар- қант диабетінің және оны асқындырудың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

  • 4 Маусым 2003
  • 939
Фото - Caravan.kz

Дөңгелек үстелдің мақсаты- қант диабетінің алдын алуға және диабетке шалдыққандарды сауықтыруға бағытталған кешенді бағдарлама жобасын жасауға арнап ұсыныстар мен нұсқаулар әзірлеу болып табылады.

Дөңгелек үстелге Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының, дәрі-дәрмек компанияларының өкілдері мен эндокринолог-дәрігерлер қатысты.
ҚР Диабетке қарсы күрес Қауымдастығының төрайымы Наталья Тукалевскаяның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда қант диабетінің асқынуынан туындайтын гипертония дертіне шалдыққан 31360 , ретинопатиямен ауыратын 24414, макроангиопатия дертіне шалдыққан 16729, катарактамен ауыратын 12659, диабеттік табан мүкістігіне шалдыққан 6710 науқас тіркелген.
Дөңгелек үстелге қатысқан медицина қызметкерлерінің пікірінше, қант диабетін асқындыру тауқыметін қоғамдағы барлық құрылымдар өзара күш біріктіргенде ғана жеңе алады.
Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылаған қатысушылар қант диабетіне байланысты Қазақстанда қалыптасқан ахуал және одан шығу жолдары туралы резолюция қабылдап, оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдады.

Соңғы жаңалықтар