Республикалық тазалық-індет станциясынан хабарлауынша, 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2003-жылы көкжөтелмен ауыру деңгейі 3,3 есе азайып, барлығы 9 жағдай ғана тіркелсе, 2002-жылы 30 жағдай шыққан болатын. Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, мұндай жағдайға 1 жасқа дейінгі балаларға көкжөтелге қарсы вакцина егу және ревакцинациялау нәтижесінде қол жеткізіліп отыр.
Әйтсе де, Ресейдің елімізбен шекаралас аймақтарында тұрғындардың көкжөтелге шалдығу деңгейі арта түсуде. Бұл Қазақстандық мамандардың алаңдаушылығын тудырып отыр.