Алматыда діни бірлестіктер мен орталық билік органдарының ықпалдастығы туралы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда діни бірлестіктер мен орталық билік органдарының ықпалдастығы туралы талқыланды

Алматыда діни бірлестіктер мен орталық билік органдарының ықпалдастығы туралы талқыланды

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда ҚР әділет министрлігінің дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы Ералы Тоғжановтың дін мәселелерін зерттеуші ғалымдармен кедесуінде діни бірлестіктер мен орталық билік органдарының ықпалдастығы туралы талқыланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Маусым 2006
  • 617
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында сонымен бірге Қазақстандағы қазіргі діндерге қатысты ахуал, дәстүрден тыс діндердің даму себептері мен оларға жастарды тартуға қарсы тұру мәселелері талқыланды.

Атап айтсақ, комитеттің өзі мен аймақтарда еліміздегі діни ахуалды зерттеуге арналған социологиялық және талдамалық құрылымдарды құру қажеттігі айтылды.
Сонымен бірге дінтанушыларды дайындау және қайта дайындаумен шұғылданатын жоғары оқу орындарының санын көбейту, еліміздегі ғылыми әлеуетті дінтану бағытындағы ғылыми-әдістемелік оқулықтарды шығаруға және телеарналар мен радиоларда бағдарламалар дайындауға тарту мәселелері талқыға салынды.

Сонымен бірге діни бірлестіктердің жарғысына бағынуына бақылау жасау, оларға сараптаа жүргізу, дін таратушылардың іс-қызметіне және оларды қаржыландыру көздеріне талдау жасау, олардың іс-қызметіне мониторинг жүргізу жөнінде ұсыныс жасалды.

Перейти к новостям спорта