Бұл туралы қаланың ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова мәлімдеді.
«11.08.13 ж. Алматы қ. ТЖД «101» пультіне Алмалы ауданы Төле би көшесі, 64-үйдегі дәмханада жалын тұтанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта сағат 00.50-де жетті», — деді Сандуғаш Баймұхамбетова.
«Master Doner» дәмханасының ас үйінде төбе жамылғысы өртенгені анықталды. Тілсіз жау сағат 01.00-де оқшауланып, 01.10-да ауыздықталды. 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт алаңы 8 шаршы метрді құрады, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.