Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесін ашуға бағытталған келісім қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесін ашуға бағытталған келісім қабылданды

Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесін ашуға бағытталған келісім қабылданды

Бүгін Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 460
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылданды.

 Келісім 2014 жылдың 21 мамырда Женевада жасалды.

ДДҰ кеңсесінің басты міндеттері медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту саласында денсаулық сақтау қызметтерін көрсетуді күшейту, ДДҰ еуропалық өңірлің бюросының денсаулық сақтау қызметтерін әділ, қайырымды, нәтижелі және тиімді ұсынуға қатысты жаһандық міндеттерін орындауға көмектесетін болады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, мұндай кеңсенің Қазақстанда ашылуының бірнеше себептері бар. «Біріншіден, 1978 жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту туралы декларация Алматыда қабылданған болатын. Оның басты қағидаттары дүниежүзілік денсаулық сақтау саласын дамытуда күні бүгінге дейін өзекті болып табылады. Екіншіден, соңғы он жылда Қазақстанда денсаулық сақтау саласында реформалар үздіксіз атқарылып келеді. Ал офисті құрудың басты мақсаты — алғашқы медициналық көмекті күшейту. Бұл Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы  алғашқы медициналық-санитариялық көмекті басымдылықпен қаржыландыру, аурудың алдын алу, ерте бастан күресу бағытындағы ұлттық денсаулық сақтау саласын дамытудың басты тетігінің бірі», — деді министр Тамара Дүйсенова.

Аталған техникалық офис ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулықты сақтау жүйелері бөлімінің жедел бөлімшесі ретінде жұмыс істейтін болады. Офис өз қызметін ДДҰ-ның екіжылдық жоспарлау цикліне сәйкес жүзеге асыратын болады. 


Соңғы жаңалықтар