Алматыда Дж. Вердидің "Бал-маскарад" операсының премьерасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Дж. Вердидің "Бал-маскарад" операсының премьерасы өтеді

Алматыда Дж. Вердидің "Бал-маскарад" операсының премьерасы өтеді

5-6 қараша күндері Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Дж. Вердидің "Бал-маскарад" операсының премьерасы өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.

  • 26 Қазан 2011
  • 505
Фото - Caravan.kz

Дж. Вердидің «Бал-маскарад» операсы — композитордың үздік шығармаларының бірі. Либреттоның негізіне 1772 жылы Швед королі Густав III-тің өлтiрілуі туралы тарихи оқиға алынады. Бұл премьера классикалық өнер сүйер қауымға тағы бiр сыйлық болып, театрдың көрермендерiн қойылу әсерлiлігімен және әртістердің кәсiби орындауымен қуантады.

Бас дирижері, музыкалық жетекшісі — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жарасов; Қоюшы-режиссері — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйлім Иманғазина; Қоюшы-суретші — Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Вячеслав Окунев; Көркемдік жетекшісі — Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Базарғали Жаманбаев; Бас хормейстері — Әлия Темірбекова; Бас балетмейстері — КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рамазан Бапов. Басты партияларда: Жәмиля Баспақова, Дина Хамзина, Сара Ищанова, Кирилл Борчанинов, Дина Дүтмағамбетова, Балапан Жұбаева, Бейімбет Қожабаев, Халид Нұралиев, Медет Шотабаев, Талғат Күзембаев, Александр Сметанин, Олег Татамиров және басқалар өнер көрсетеді.

Перейти к новостям спорта