Бұл жайлы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының директоры бүгін Елбасының осындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан кезінде айтты.
«Бұл Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы дзюдодан алғашқы Әлем кубогы жарысы болмақ. 201 күннен кейін Алматы мен Астана қалаларында өтетін VII Қысқы Азия ойындарының кейбір бәсекелері өтетін спорт сарайында қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда оның 95 пайызы аяқталды. Мұнда шілденің 6-11 күндері волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы «ҚР Президенті кубогы» XVII халықаралық турнирі өткен болатын», дейді Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының директоры Юрий Захарин. Оның айтуынша, халықаралық турнир олар үшін тәжірибе жинауға ықпал да етті. Онда бірқатар құрал-жабдықтар сынақтан өтіп, онда байқалған олқы тұстар толық түзетілді.