Оны Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен ҚР Дзюдо федерациясы бірігіп ұйымдастырып отыр. Бұл дүбірлі додаға 20-дан астам елдің балуандары қатыспақ. Қазақстанда тұңғыш рет өткелі отырған бұл бәсеке 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу шараларының лицензиялық кезеңдерінің бірі болғалы отыр.