Алматыда экологиялық тауқыметтерді жұртшылыққа жария ету мәселесіне арналған семинар өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда экологиялық тауқыметтерді жұртшылыққа жария ету мәселесіне арналған семинар өтуде

Алматыда экологиялық тауқыметтерді жұртшылыққа жария ету мәселесіне арналған семинар өтуде

Бүгін, 20-қазанда Алматыда "Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелерін жұртшылыққа жария ету" жөнінде журналистерге арналған семинар өтуде. Бұл шараны ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі, БҰҰ Даму бағдарламасы мен "ЭкоПрессЦентр" атты қоғамдық бірлестіктері бірлесе ұйымдастырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қазан 2003
  • 603
Фото - Caravan.kz

Семинарға қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР парламенті, еліміздегі экологиялық бірлестіктер, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысуда.

Семинарға қатысушылар өзекті экологиялық тауқыметтерді жұртшылық назарына ұсынудағы БАҚ-тар ролі туралы талқылайды. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат- қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселесіне қатысты үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен журналистер біліктілігін арттыру болмақ.
Шараға қатысушы журналистер сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық экологиядлық бірлестіктердің іс-қызметі туралы ақпарат алады.

Соңғы жаңалықтар