Алматыда электр қуатының тарифы өзгеріссіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда электр қуатының тарифы өзгеріссіз қалды

Алматыда электр қуатының тарифы өзгеріссіз қалды

Алматыда электр қуатына қатысты тариф биылғы жылдың соңына дейін өзгермейді.

  • 26 Тамыз 2015
  • 367
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Болат Сәмбетов мәлім етті. 

«Биыл көктемде тарифті көтеру бойынша бізге «Алматы электр стансалары» АҚ, «Алматы жылу желілері» ЖШС және «Алматыжылукоммунэнерго» ААҚ тарифтерді көтеру бойынша жүгінген болатын. Қазіргі таңда Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кеңескеннен кейін, өтінімдер кейін қайтарылды. Сондықтан биыл тарифтер қымбаттамайды», — деді Б.Сәмбетов.


Ол сонымен қатар «Алматы электр стансалары» компаниясы тарифті — 24,6 пайызға, «Алматы жылу желілері» ЖШС — 137, ал Алматыжылукоммунэнерго» ААҚ — 31,7 пайызға ұлғайтуды сұрағандарын жеткізді.
Естеріңізге сала кетелік, үстіміздегі жылы 25 тамызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновтің төрағалығымен қаланы жаңа жылу маусымына дайындау бойынша отырыс өткен болатын. Онда бағаларды көтеру бойынша барлық өтінімдер кейін қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар