Алматыда ЭСКАТО 63-ші сессиясы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ЭСКАТО 63-ші сессиясы аяқталды

Алматыда ЭСКАТО 63-ші сессиясы аяқталды

АЛМАТЫ. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-ші сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 23 Мамыр 2007
  • 371
Фото - Caravan.kz

«Мен форумның Орталық Азия мен жалпы аймақтың бір-біріне берері төңірегіндегі түсініктің айтарлықтай кеңеюіне септігін тигізгеніне сенемін»,- деп мәлім етті отырысқа қатысушыларға арнап сөйлеген қорытынды сөзінде БҰҰ бас хатшысының орынбасары — ЭСКАТО атқарушы хатшысы Ким Хак Су.

Ким Хак Су сондай-ақ комиссиядан кететіндігін хабарлады. «Мен жеті жылға созылған жұмыстан кейін осы қызметтің маған ЭСКАТО-ға мүше елдерге пайда әкелу мүмкіндігін бергенін өзіме деген үлкен құрмет деп санаймын»,- деді ол. «Өзім комиссияның атқарушы хатшысы ретінде жүзеге асыруға атсалысқан реформалардың бағдарламасы елеулі дивидендтер әкелді деген үміттемін»,- деді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) кезекті 64- сессиясы 2008-жылдың көктемінде Бангкокте өтеді және «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы энергетикалық қауіпсіздік және тұрақты даму» тақырыбына арналады.

«Мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының 64-ші сессияның басты тақырыбы ретінде «инновациялар мен бәсекелестік қабілеттілік» элементтерін қоса «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы энергетикалық қауіпсіздік және тұрақты даму» тақырыбын бекіту туралы шешімді құптаймын»,- деп қорытындылады Ким Хак Су.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті