Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларға арнап сөз сөйлейді деп күтілуде.
Сонымен қатар БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун форумға қатысушыларға жолдау арнайды.
Отырыс барысында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясының төрағасы сайланады. Бұл лауазымға ҚР СІМ Марат Тәжин сайланады деп күтілуде. Бүгінгі кездесу барысында «ЭСКАТО аймағында Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу» тақырыбында арнайы отырыс пен жалпы оытырс өтіп, онда министрлер өңірдегі саяси проблемаларды талқылайды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 15-мамырдан бері Алматыда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясы өтуде. БҰҰ-ның аталмыш аймақтық комиссиясы алғаш рет өзінің көшпелі отырысын Орталық Азияда өткізіп отыр. Сессия шеңберінде Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясына (ЭСКАТО) мүше елдердің министрлерінің кездесуімен қатар комиссияның жоғары лауазымды тұлғаларының отырысы, Азия-тынық мұхиты бизнес форумы, БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасы — СПЕКА-ның экономикалық форумы өтті, сонымен қатар бизнес-көрме ұйымдастыру межеленген.
Шараға ЭСКАТО-ға мүше 62 елдің үкімет басшылары мен министрлерінен құралған 400-ден астам делегат қатысуда.
Азия және Тынық мұхиты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына және олардың өзара және үшінші елдермен ынтымақтастығына ықпал жасау мақсатын көздейтін ЭСКАТО комиссиясы 1947-жылы құрылған. Оған Азия және Тынық мұхиты аймағының 51 мемлекеті мүшелікке өткен. 2007-жылы БҰҰ-ның аса ірі аймақтық комиссиясы — ЭСКАТО-ға 60 жыл толады. Комиссияның бұған дейінгі 62-ші сессиясы 2006-жылдың сәуір айында Индонезияның Джакарта қаласында өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті