Алматыда екі адам жол апатынан қаза болды
Алматыда жол апаты салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлады дүйсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне құқық қорғау органдарындағы дереккөз. |
Оның ақпаратына қарағанда, өткен жексенбіге қараған түні жолсыз жермен жүруге арналған "Лексус" көлігін жүргізген 25-жастағы бойжеткен әл-Фараби даңғылымен келе жатып, рульге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен, соның салдарынан көлік аударылған.
"Жол апаты салдарынан жүргізушінің өзі және көлікте болған 27-жастағы жолаушы бас-сүйек ми жарақаты салдарынан сол жерде қаза болды", деп атап өтті дерекөз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін