Оның ақпаратына қарағанда, өткен жексенбіге қараған түні жолсыз жермен жүруге арналған «Лексус» көлігін жүргізген 25-жастағы бойжеткен әл-Фараби даңғылымен келе жатып, рульге ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен, соның салдарынан көлік аударылған.
«Жол апаты салдарынан жүргізушінің өзі және көлікте болған 27-жастағы жолаушы бас-сүйек ми жарақаты салдарынан сол жерде қаза болды», деп атап өтті дерекөз.