Алматыда екі адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша тергеу амалдары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша тергеу амалдары жалғасуда

Алматыда екі адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша тергеу амалдары жалғасуда

Алматы полициясы екі адамның өмірін қиған жол апаты бойынша тергеу амалдарын жалғастыруда. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 356
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 23 қыркүйекте Абай даңғылы мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында орын алған.

«Мазда-3» мен «Тойота Камри» көліктерінің соқтығысуынан көліктердің бірі аялдама кешенін жайпап кеткен. Салдарынан автобус тосып тұрған 4 адам жапа шеккен.

Екі адам сол жерде қаза болса, жүргізуші мен екі бойжеткен түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары барысында қай көліктің жол апатына себепкер болғаны анықталады», — деді қалалық ІІД басқарма басшысы Рустам Әбдірахманов.


Соңғы жаңалықтар