Caravan Logo

Алматыда екі адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша тергеу амалдары жалғасуда

Алматыда екі адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша тергеу амалдары жалғасуда

Қайғылы оқиға 23 қыркүйекте Абай даңғылы мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында орын алған.

«Мазда-3» мен «Тойота Камри» көліктерінің соқтығысуынан көліктердің бірі аялдама кешенін жайпап кеткен. Салдарынан автобус тосып тұрған 4 адам жапа шеккен.

Екі адам сол жерде қаза болса, жүргізуші мен екі бойжеткен түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары барысында қай көліктің жол апатына себепкер болғаны анықталады», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Рустам Әбдірахманов.