Алматыда екі әйел соғыс ардагерін тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі әйел соғыс ардагерін тонап кетті

Алматыда екі әйел соғыс ардагерін тонап кетті

Жеңіс күні қарсаңында Алматыда екі келіншек соғыс ардагерін тонап кетті.

  • 8 Мамыр 2019
  • 33
Фото - Caravan.kz

Өздерін әкімдік қызметкеріміз деп таныстырған күдіктілер, қариядан қандай көмекке зәру екенін, туыстарының бар-жоғын сұраған. Біраз уақыт көңілін аулағасын кетіп қалған. Алайда кейін алаяқтардың үйден құр қол шықпағандары белгілі болды.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Василий Кокарев оқиға болған күні қонақ күтпегендіктен ешкімді үйіне кіргізгісі келмеген. Алайда, өздерін әкімдіктен келдік деп таныстырған екі келіншек, мереке қарсаңында барлық ардагерлерді аралап жүргендерін айтыпты

ВАСИЛИЙ КОКАРЕВ , ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: "Үйге кірді. Мен осында, ол мына жерге отырды. Екіншісі дәретханаға кеткен. Әңгімелесіп отырып, неге әжетханада көп бөгелді екен деп ойладым".

Қарияның күмәндана бастағанын сезген келіншек серіктесіне бірден белгі берген. Ол өзіне назар аудартпай жанына келіп, екеуі ардагермен тез-тез қоштасып, шығып кеткен. Ал зейнеткер болса еш уайымсыз қала берген.

ОЛЬГА СОЛОВЬЁВА, АРДАГЕРДІҢ ҚЫЗЫ: "Келесі күні маған әлдебір келіншек хабарласып құжаттарыңды жоғалтқан жоқсың ба деп сұрады. Әрине, мұндай тосын қоңырауға мен таңқалдым, бірақ кездесуге бардым. Саяхат автовокзалының қасында менің паспортым мен флешкамды, өзге де құжаттарымның көшірмесін берді.

Көңіліне бір күдік ұялаған Ольга үйіне келген соң пәтерін мұқият қарап шығыпты. Сол кезде барып алаяқ әйелдердің құжаттарымен бірге әкесі екеуінің жинап жүрген екі миллион теңгеден астам ақшасын үптеп кеткенін бір-ақ білген. Бірден, полицияға хабар бердік дейді.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

"Негізі екі сезікті әйелдің аты-жөндері , бет тұлғалары анық болды. Олар бұрын-соңды сотталған, сыған нәсілді екі азаматша. Қазіргі таңда осы бірер күнде қылмыс ашылады деген болжамымыз бар. Және әділеттікті орнату мақсатында Ұлы Отан соғысы зейнеткерінің бүкіл жымқырылған ақшасын қайтарып береміз деген біздің үміьіміз бар".



Тәртіп сақшылары күдіктілердің ныспыларын көпқабатты үйдің кәреберісіне қойылған камералар арқылы анықтапты. Полицейлер оларды ұстау көп уақытты қажет етпейді деп отыр. Егер қылмыстары дәлелденетін болса, алаяқтыққа барған қос келіншек 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.