Алматыда «Екі әлемнің мейманханасы» деп аталатын жаңа қойылымның таныстырылымы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Екі әлемнің мейманханасы» деп аталатын жаңа қойылымның таныстырылымы өтеді

Алматыда «Екі әлемнің мейманханасы» деп аталатын жаңа қойылымның таныстырылымы өтеді

17 ақпанда М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Екі әлемнің мейманханасы» («Отель двух миров») деп аталатын жаңа қойылымның таныстырылымы болады.

  • 11 Ақпан 2012
  • 446
Фото - Caravan.kz

Ол француз жазушысы, драматург Эрик-Эммануэль Шмиттің пьесасы бойынша сахналанып отыр. Спектакльдің қоюшы режиссері әрі композиторы — ҚР Еңбек сiңiрген қайраткері Игорь Гонопольский, қоюшы суретшісі — Сергей Мельцер, балетмейстер — Наталья Новикова.

1960 жылы 28 наурызда Сент-Фуа-лес-Лионда өмірге келген Эрик-Эммануэль Шмиттің пьессалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, 30-дан астам елде қойылды. Оның 1991 жылы жазылған «Валонидегі түн» деп аталатын алғашқы сценарийі Францияда және бірқатар шет елдерде қойылды. Алайда оны драматург ретінде әлемге танытқан 1993 жылы жазылған «Келуші» («Посетитель») деп аталатын екінші спектаклі болды. 1999 жылы жазылған «Екі әлемнің мейманханасы» оның драматургия саласындағы 11-ші шығармасы. Бұдан кейін ол тағы 6 туынды жазды. Шмидттің, сондай-ақ, 12 романы мен новеллалары және 2 эссесі бар.

Перейти к новостям спорта