Алматыда екі апта ішінде сатуға қойылған жер телімдерінің тек 5 пайызы ғана сатылған - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі апта ішінде сатуға қойылған жер телімдерінің тек 5 пайызы ғана сатылған - сарапшы

Алматыда екі апта ішінде сатуға қойылған жер телімдерінің тек 5 пайызы ғана сатылған - сарапшы

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда екі апта ішінде сатуға қойылған жер телімдерінің тек 5 пайызы ғана сатылған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан бағалаушылар қауымдастығы кеңесінің төрағасының орынбасары әрі Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының вице-президенті Александр Калинин.

  • 8 Тамыз 2008
  • 3029
Фото - Caravan.kz

«Егер де ескі тұрғын үйлер нарығында баға орташа алғанда 63,5 пайызға түссе, мұндағы баға 80 пайызға құлдырады», — деп нақтылады А. Калинин. «Горький атындағы саябақтың маңында «соткасына» 17,5 мың доллар сұраса, «Төменгі Компотта» жердің бір «соткасын» 35 мың АҚШ долларынан сатуға дайын. Бағанашылда баға соткасына 5 мың мен 25 мың АҚШ доллары аралығында», — деп толықтырды сарапшы.

А. Калинин Алматыдағы жер бағасының күрт құлдырау себебін соңғы айларда жерді мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу туралы бірнеше ондаған қаулының күшінің жойылуынан көреді. «Адамдар өздерінің қаржылық мәселелерін шешіп алу үшін үйлерінің бұзылуын 2-3 жыл күтті. Енді барлығы тоқтатылды. Адамдар естерінен тана жаздады. Олар біршама уақыт үнсіздіктен кейін жерлерін жаппай сата бастады». Нәтижесінде, сарапшының пайымдауынша, Алматыда жер телімдеріне қатысты өкінішті жағдай қалыптасып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар