Оқиға кеше кешкі сағат 17:05-те Рысқұлов пен Райымбек көшелерінің ортасында орын алған. Момышұлы көшесімен солтүстікке бағыт алған Mitsubishi Galant көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан.
Қақтығыс салдарынан Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі, 1982 жылы туылған азамат оқиға орнында қаза болды.
Ал көлікте болған 1979 жылғы жолаушы Алматы облыстық ауруханасына жеткізілді. Lexus көлігінің екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен қалалық №7 ауруханаға жатқызылды.
«Қазір қалалық ІІД анықтау басқармасымен аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 296-бабы 2-тармағы бойынша (адам өліміне әкеп соқтырған жол апатын тудыру) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда», — деді С.Әзірбек.