Алматыда екі жол апатынан бір адам қаза тауып, алтауы зардап шекті
Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда екі жол апатынан бір адам қаза тауып, алтауы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматының Жетісу ауданында Рысқұлов пен Бродский көшелерінің қиылысында 6 қазанда сағат 13.10-да "Фольксваген" және "Пежо" көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан "Фольксваген" көлігінде отырған 68, 65, 71 жастағы әйелдер мен 71 жастағы ер адам, сондай-ақ, "Пежо" жүргізушісі - 20 жастағы жігіт пен оның жолаушысы 55 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, Рысқұлов пен Бөкейхан көшелерінің қиылысында сағат 11.05-те "Мазда" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан 28 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін