Алматыда екі жол апатынан бір адам қаза тауып, алтауы зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі жол апатынан бір адам қаза тауып, алтауы зардап шекті

Алматыда екі жол апатынан бір адам қаза тауып, алтауы зардап шекті

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда екі жол апатынан бір адам қаза тауып, алтауы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қазан 2008
  • 296
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматының Жетісу ауданында Рысқұлов пен Бродский көшелерінің қиылысында 6 қазанда сағат 13.10-да «Фольксваген» және «Пежо» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан «Фольксваген» көлігінде отырған 68, 65, 71 жастағы әйелдер мен 71 жастағы ер адам, сондай-ақ, «Пежо» жүргізушісі — 20 жастағы жігіт пен оның жолаушысы 55 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, Рысқұлов пен Бөкейхан көшелерінің қиылысында сағат 11.05-те «Мазда» жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан 28 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар