ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматының Жетісу ауданында Рысқұлов пен Бродский көшелерінің қиылысында 6 қазанда сағат 13.10-да "Фольксваген" және "Пежо" көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан "Фольксваген" көлігінде отырған 68, 65, 71 жастағы әйелдер мен 71 жастағы ер адам, сондай-ақ, "Пежо" жүргізушісі - 20 жастағы жігіт пен оның жолаушысы 55 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ, Рысқұлов пен Бөкейхан көшелерінің қиылысында сағат 11.05-те "Мазда" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан 28 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты.