Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Қыркүйек 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматының Алмалы ауданында Төле Би және Байзақов көшелерінің қиылысында 8 қыркүйекте 08 сағат 10 минутта «Субару» көлігінің 64 жастағы жүргізушісі 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жарақаттан ауруханада қайтыс болды.

Сондай-ақ, Бостандық ауданында Розыбакиев көшесімен Әл-Фараби даңғылының қиылысында 9 қыркүйекте сағат 00.50-де «Мерседес» және «Митсубиси» көліктері соқтығысты. Апат салдарынан 26 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар