Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматының Алмалы ауданында Төле Би және Байзақов көшелерінің қиылысында 8 қыркүйекте 08 сағат 10 минутта "Субару" көлігінің 64 жастағы жүргізушісі 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жарақаттан ауруханада қайтыс болды.
Сондай-ақ, Бостандық ауданында Розыбакиев көшесімен Әл-Фараби даңғылының қиылысында 9 қыркүйекте сағат 00.50-де "Мерседес" және "Митсубиси" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан 26 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды.