Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды

Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды

АЛМАТЫ. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматыда бүгін таңертең екі жол апаты болып, соның салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды.Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2006
  • 354
Фото - Caravan.kz

Райымбек даңғылында 6 сағат 27 минутта «Фольксваген-Гольф» автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, бағанға соғылды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырып, үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Екінші апат Достық даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысында 8 сағат 27 минутта болды. Автокөлік жүргізушісі 6 жастағы баланы қағып кетті. Бала жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта