Жарияланды: 380

Алматыда екінші жастар кәсіпкерлік форумы өтеді

13-14 қараша күндері Алматы қаласында екінші жастар кәсіпкерлік форумы өтеді. Бұл туралы «Атамекен Одағы» Қазақстандық ұлттық экономикалық палатасының баспасөз қызметі.

Форум ұйымдастырушылары - «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту комитеті және «Қазақстан көшбасшыларының әлеуметтік-қоғамдық қоры» ҚҚ. Форум әріптестері - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақ тұтыну ісін қадағалау» ҚҰ, KLM әуе компаниясы және Фридрих Науман атындағы қор. Шара Қазақстандағы кәсіпкерлік бойынша Ғаламдық жұма шеңберінде өтпек. Кәсіпкерлік бойынша Ғаламдық жұма - бұл кәсіпкерлік белсенділікті жоғарылату мақсатымен өткізілетін дүниедегі 100-ден астам елдерде, 41 мың серіктестерге ие болып, 7 миллион адамды қатыстыратын бастама. Қазақстанды осы қозғалысқа қатыстыру - қазақстандық кәсіпкерлердің жетістіктерін, олардың мақсаттары мен жоспарларын көрсету мүмкіндігі. Форум жастар бизнесінің дамуына көңіл аударуды, жастар арасындағы кәсіпкерлік әлеуетті ашуды көздейді. Форум бағдарламасында: «ATAMEKEN Startup мәдениеті», «Жеке тиімділікті жоғарылату», «Бизнес және билік», «Қаржы», «Ашық алаң», «Бизнес-ландшафты өзгерту, «Толық нұсқама», «Өнер мен сауық саласындағы бизнес» тақырыптары талқыланады. Форум жұмысында ҚР экономикалық даму мен сауда министрлігі, ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ҚР білім және ғылым министрлігінің жастар ісі жөніндегі комитеті, Алматы қаласының әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП, сонымен бірге Қазақстандағы АҚШ елшілігінің, ірі бизнес және кәсіпкерлер ұйымдарының өкілдері қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін