Алматыда Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған гүл кілем өрнектелінетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған гүл кілем өрнектелінетін болады

Алматыда Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған гүл кілем өрнектелінетін болады

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, 28 мамыр күні өтетін «Алматы - гүл қала» фестиваліне қалаға Голландиядан 2340 хризантема гүлдері әкелінді.

  • 26 Мамыр 2011
  • 519
Фото - Caravan.kz

Бұл молынан жеткізілген гүлдерден көлемі 6-8 метр боатын гүл кілемі өрнектелетін болады. Кілемді жасаушылар гүл кілем Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады дейді. Олардың айтуынша, аталмыш гүлдер жеткізілетндерінің алғашқы легі ғана. Жақын күндері Эквадордан, Израильден және басқа да елдерден түрлі гүлдер әкелінбек. Гүлдер фестивалінде Қазақстанда өсірілген гүлдер де көрермен көңілінен шығатын болады дейді шараны ұйымдастырушылар.

Естеріңізге сала кетсек, Гүлдер фестивалі 28 мамыр күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті атындағы саябақта өтеді. Бұл күні гүлге оранған автомобильдер, байкер мотоцикльдері мен велосипедтер легінен құралған шеру өтеді. Фестивальға келген қонақтарды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті атындағы саябақта гүл шаңырағымен қарсы алатын болады. Шара барысында «Гүлдер модасы» көрсетілімі мен флористердің байқауы өтеді. Онда гүлмен көмкерілген эксклюзивті костюмдер ұсынылады. Сонымен қатар, фестиваль аясында гүлдердің тегін көрмесі жұмыс істейтін болады.

Перейти к новостям спорта