Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шығармашылық кеш болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шығармашылық кеш болып өтті

Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шығармашылық кеш болып өтті

Бүгін Алматыда Достық үйінде ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шығармашылық кеш болып өтті.

  • 16 Қыркүйек 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz

Кешке Украин және Орыс мәдени орталықтарының шығармашылық ұжымдары қатысты. «Русская Берука», «Украина» және тағы да басқа ансамбльдердің орындауында орыс және украин әндері шырқалды. Концерттік бағдарламада «Алтын қауырсын» Мәскеу ақындары байқауының халықаралық жеңімпазы Тұрсын Барлыбаев ел тәуелсіздігін ұлықтауға арналған өлеңдер оқыды.

Мерекелік шараға Украин және Орыс мәдени орталықтарының төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Қатысушылар келе жатқан айтулы мереке — ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен жиналған қауымды құттықтап, Қазақстанның бүгінде — көпұлтты заманауи мемлекетке, экономикасы мықты, қарқынды дамыған, демократиялық елге айналғандығын атап өтті.

Перейти к новостям спорта