Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдық қорытындысы қаралуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдық қорытындысы қаралуда

Алматыда ел тәуелсіздігінің 20 жылдық қорытындысы қаралуда

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және АҚ «Алматы ауыр машина жасау зауыты» ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздік жетістіктері және келешекке көзқарас» атты IX дәстүрлі қалалық конференция өтіп жатыр.

  • 14 Маусым 2011
  • 602
Фото - Caravan.kz

Жиын барысында 20 жылғы дамуымызда еліміз қандай мақсаттарға қол жеткізді, тәуелсіздіктің барлық кезеңінде қандай қағидалар мен көзқарастарды ұстанды деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғалды. Сонымен қатар ғалымдар өткенге шолу жасау арқылы өз сараптаулары мен бүгінгі ахуалды бағалауларында тек өткен күндердегі жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін, болашақтағы даму жолдарын баяндады.

Сондай-ақ конференция барысында ішкі саяси тұрақтылық, Қазақстан қоғамының әлеуметтік және саяси жаңаруы, еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы мәселелері талқыланады.

ҚСЗИ директоры Болат Сұлтановтың айтуынша, жыл сайын өтетін бұл конференция тек аймақта ғана танылған беделді сараптау алаңы емес, сонымен қатар қазақстандық ғылыми мектептің ең үздік ғылыми-зерттеу дәстүрлерінің жалғасы болып табылады. «Алғашқы рет біздің шара ҚСЗИ мен Алматы ауыр машинажасау зауытында екі алаңда өтіп отыр. Онда біз еліміздің индустриалды-инновациялық даму аспектілерін талқылайтын боламыз. Басты мақсатымыз — теоретиктер мен практиктердің басын қосып, еліміздің келешектегі даму жолындағы нақты ұсыныстарды шығару», -дейді саясаттанушы.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов тәуелсіздік — қазақстандықтардың барлығының қасиетті құндылығы және оны сақтай білу керек деген пікірін білдірді. «Әлемдік тәжірибе көрсеткендей дамыған елді құру үшін 40-50 жыл уақыт керек. Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстан даму жолындағы қиын кезеңдерді өткере біліп, көптеген шыңдарды бағындырды», -деп атап өтті С.Сейдуманов.

Конференция жұмысына сонымен бірге беделді шетелдік және қазақстандық сарапшылар Қазақстанның XXI ғасырдағы даму сценарийлерін алға тартып, қалыптасып жатқан халықаралық конъюнктура, экономиканың құрылымдық жаңартылуы, дамудың мәселері мен келешегі жайлы әңгімелуде.

Соңғы жаңалықтар