Оған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, «Нұр Отан» партиясының жетекшілері, елімізге танымал ақындар мен жазушылар, ғалымдар мен ЖОО басшылары, ҮЕҰ белсенділері қатысты.
Салтанатты жиын еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы мен тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесіне арналды. Кештің мақсаты — студенттерге Елбасының тәуелсіз мемлекет біліміндегі рөлін ұғындыру, оның бірегей тұлғалық және адами қасиеттерін жастарға үлгі алуға шақыру.
Кеште шараның ұйымдастырушысы болып табылатын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері өнер көрсетті. Олардың орандауында танымал ақындардың Елбасына арналған өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.