Жарияланды: 470

Алматыда еліміздің іскер әйелдерінің форумы өткізілуде

Бүгін, 10-қарашада Алматыда еліміздің іскер әйелдерінің форумы ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

ҚР президентінің жанындағы әйелдер және отбасы істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы хатшылығының меңгерушісі Саида Ысқақованың форумға қатысушылоарға арнап сөйлеген сөзінде атап көрсеткеніндей, "бұл форум әйелдердің қоғамдық мәртебесін арттыруға түрткі болмақ. Мемлекеттік құрылымдар мен бейресми ұйымдардың бұдан былайғы бірлескен жұмыстары отбасы және гендерлік теңдік институттарының нығаюына жағдай жасайды". "Еліміз әйелдерінің қоғамда өзіне лайықты орын иемденуге деген талпынысы мені қуантады. Еліміздің іскер әйелдерінің форумы бұған нақты дәлел болмақ",- деді ол. БҰҰ әйелдер қорының ТМД елдері бойынша аймақтық кеңсесінің директоры Дәмира Сартбаеваның хабарлауынша, "бұдан бірнеше жыл бұрын ғана әйелдердің қоғамдағы ахуалын тұрақтандыру, олардың мәртебесін арттыру туралы тілге тиек етілетін". "Ал қазір біз гендерлік теңдікке қол жеткізу жайында нық сеніммен сөз қозғай аламыз. Бұл әйел мен еркектің қоғамдағы роліне басқаша баға берудегі тың қадам болмақ",- деді ол. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, форумға Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің мемлекеттік құрылымдары мен үкіметтік емес әйелдер ұйымдарының өкілдерінен 300-дей адам қатысуда. Бас қосудың басты мақсаты - кәсіпкер-әйелдер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы диалогты жолға қою. Сондай-ақ, форум аясында Қазақстандық әйелдердің жетістіктерін қоғам тарапынан мойындауға бағытталған "Ажар" атты ұлттық сыйлықты табыс ету рәсімі өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін