Алматыда еліміздің кедендік мекемелерінің кеңесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда еліміздің кедендік мекемелерінің кеңесі өтеді

Алматыда еліміздің кедендік мекемелерінің кеңесі өтеді

17-қазанда Алматыда еліміздің кедендік мекемелерінің кеңесі өтеді. Онда кедендік бөлімшелердің өзара ықпалдастығы, кеден ісі саласындағы қылмыстар мен заң бұзушылық әркеттермен күрес мәселесі басты тақырыпқа айналмақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қазан 2003
  • 356
Фото - Caravan.kz

Кеңеске ҚР кедендік бақылау Агенттігі мен еліміздің барлық аймақтарының кедендік мекемелердің өкілдері қатысады.

Бас қосуға қатысушылар еліміздің кедендік қызметін дамыту стратегиясын, кәсіпорындардың сыртқы экономикалық іс-қызметіне тексерулер жүргізуде бухгалерлік және қаржылық есеп беру жөніндегі заңнамаларды қолдану туралы талқылайды. Сондай-ақ, кеден ісі саласындағы экономикалық қылмыстарды әшкерелеу және кедендік мекемелер арасындағы бірлескен іс-қимылдарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралады.
Кеңесте сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге шектеу қою шарасының қорытындысы да сарапқа салынбақшы.

Соңғы жаңалықтар