Алматыда ең танымал бильярд клубы өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  ең танымал бильярд клубы өртеніп кетті

Алматыда ең танымал бильярд клубы өртеніп кетті

Алматыда бильярд клубынан шыққан өрт мың шаршы метр жерді шарпыды. От таңертең тұтанып, жалын түскі бірлер шамасында толығымен ауыздықталған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 198
Фото - Caravan.kz


Төтенше жағдай қаладағы ойын-сауық кешендернің бірінде болды. Мұнда ірі боулинг және бильярд клубтары орналасқан. Оның иесі мұнда жуырда ғана күрделі жөндеу жұмысын жүргізген екен. Үш қабатты ғимаратта өртті сөндіру оңай соқпаған. Кешенді алдымен толықтай тоқ көзінен ажырату мүмкін болмады. Осындай кедергілер өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатқан. Соның салдарынан ғимараттың үшінші қабаты түгелдей күлге айналды. Ал осы жерден шыққан қою қара түтін қаланың кез-келген бұрышынан көрініп тұрды.