Алматыда ер адам көлік ұрлау үшін пәтерін сатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ер адам көлік ұрлау үшін пәтерін сатқан

Алматыда ер адам көлік ұрлау үшін пәтерін сатқан

Қылмыс жасауға бел бумас бұрын ер адам базарда киім-кешек сатумен айналысыпты

  • 24 Қараша 2017
  • 290
Фото - Caravan.kz

Ер адам көлік ұрлап, сату жоспарын жүзеге асыру үшін пәтерін сатып жіберген, деп хабарлады sputniknews Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ер адам мен бірге тұратын әйелі Алматыда базарда киім сатумен айналысқан. Күндердің күнінде ер адам қылмыстық жолмен ақша табуды көздейді. Ол пәтерін сатып, көліктердің кодын оқитын құрылғыны 27 мың долларға сатып алады.

Жоспар бойынша, әйел адам "жәбірленушінің" қасына барып, көлігінің кодын "оқуы" тиіс, ал ер адам сол көлікті айдап әкетуі керек болатын. 

Схеманы тексеріп көру үшін, ер мен әйел Toyota Highlander көлігін таңдайды. Ол үшін апаттық жағдайдағы басқа бір ұқсас көлікті 2 миллион теңгеге сатып алады. Техникалық паспорты мен кузов нөмірі жазылған планканы алып қалып, қалған бөлшектерін сатып жіберген. Планканы керекті көлікке ауыстыртқызған. 

Жоспарды жүзеге асыруға 27 қазанға қараған түні кіріседі. Әйел көліктің иесін күтіп, онымен бірге лифтке кіреді де, пульттен деректерді жазып алады, ал сол кезде ер адам көлікті айдап әкетеді.


Жедел тергеу тобы көлікті әрі қарай сатуға даярлайтын техникалық қызмет көрсету станциясын анықтаған. Өйткені ер адам ұрланған көлікті сатып жіберуді көздегенін мойындапты. 

Ер адам қазір қамауда отыр. Сыбайласына қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қаралуда. Қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар